Posted in

ЖАНЫ БАР СӨЗ

Қисынды, құлақ асарлық пікір. ~ А, жоқ! Мынауың жаны бар сөз. Бәсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алып таудың аты неге Шыңғыс атанды екен бұл? – деп, Сүйіндік өзі де ойланып қалды. М.Әу. ~ Шындаса, көп полицейдің біреуін шақырып жіберіп, әзір – ақ қамап тастауға зәрі жетеді. Ли-жүй жаңның мына айтып отырғаны бір жағынан жаны бар сөз секілді. Ж.Ахм. ~ Негe көрмесін. Бір кезде болған шығар. Әйтпесе арыстан деген атты қайдан қойды дейсіз.
─ Рас, рас, жаны бар сөз. С.Жүн. ~ Е – е, патипон! — деп Гүлназым да саңқ етті. Бұлардың «ноғай» дегені жаны бар сөз болатын. «Моншалы- сай» — табиғаты тамылжыған, көркем мекен. Ж.Ахм.