Жүрегі орнықты; көңілі тыншыды; жаны маза тапты; рахаттанды; көңілі көншіді. * Шиыршық атып, тырсылдаған
тамырларым солғын тарта бастады. Жүрегім жайдағыдай жалаулап, бүлкіл қақты. Жүйелерім босады. Жаным жай тапты. Ж.Айм. * Хан бетіне қан жүрді, Қисын қалай өмірді, Арағы бар, қарағы! Көзі сәуле шалғандай, Дереу жұлып алғандай Жендетіне қарады. «Тоқтай тұр» деп ым қақты, Жаны біраз жай тапты. М.Жұм. * Көкірегін кере Ойжайлаудың жұпар иісті таза ауасын жұтып, жұмаққа кіргендей жаны жай тапқан еді. Ә.Шәр. * Бауырындағы жып-жылы жұдырықтай ет сонда ғана жаны жай тауып, омырауына кіре түсті. Ә.Кек. * Тұла бойы зіл тартып, шаршаған Хансұлу отырған жерінде қоржынды жастанып қисайды. Сол-ақ екен, күллі денесі маужырап ештеңені ойлатпай ұйқы шақырды. “Ух” деп, жаны жай тауып күрсінді. С.Ел. ~ Апа, мынаған қақалыпты ғой, – деп Рахым бүтін собықты аяғының астына тастай салды. Қара тайыншаның жаны жай тапқандай болып, көздерінде сәуле ойнады. О.Ел.
