Адамның көңілі тазарды, жаңғырды, бойында жаңа күш, соны серпін пайда болды д.м. ~ Кей адамның жаңа ой, жаңа арманға, жаңа тілекке ауысқан сәттеріне қарай «ойы түледі», «жаны түледі», «жаны жаңарды» деп жатады біздің қазақ. Жалпы алғанда «түлеу» сөзі жаңару, жаңғырту, жаңғыру, жаңалау дегенде жаңғырды жаңа ой, жаңа тілек, жаңа тұрмыс, жаңа белес деген ұғымды береді. Яғни ескіні жаңаға ауыстырды деген ұғымды ұқтырады. Ж.Баб.
