Қайғысы жоқ, алаңсыз, жайлы тірлік туралы. ~ Қызарып ашуменен күн батқанда, Ерініп, еркеленіп таң атқанда, Қарны тоқ, қайғысы жоқ, жаны тыныш Малдай-ақ қор-қор ұйықтап ел жатқанда. М.Жұм. ~ Жүріс – тұрысы марғау, асықпайды. Осы ауылға көшіп келгелі жаны тыныш: күндізгі кластардан сағаты толмағандықтан, сабағының дені кешкі мектепте. Қ.Жұм. ~ Шықаңның енді мұртын балта шаппайды. Жаны тыныш, жағасы бос. Қонжиып креслода құр отырғаны болмаса, шаруаны шырқ айналдырар көмекшілері жеткілікті. Т.Сәу.
