Posted in

ЖАНЫ ТҮРШІКТІ

Қатты шошынды, сескенді, тұла бойы тіксінді. ~ Денемнің іші жау тиген ауылдай аласапыран; жүрегім дүрсіл қағып; тамырларым нажағай отындай тұтанып, жаным түршігіп, үрейленіп, елегізіп жатыр едім. Ж.Айм. ~ Мұндай сұмдық суық көріністен Егордың да‚ жауынгерлердің де бір сәт жүрегі тоқтап‚ жаны түршікті. А.Алт. ~ Кенесарының шешімінен жаны түршігіп кеткен Жүсіп, ханды орынсыз қан төгуден тоқтатқысы келді. І.Ес. ~ Онымен қоймай арақ-шарап араласқан жын-шайтандардың дастарханына тарта бастады. Атамның жайнамазына жағаласып өскендігімнен олардан жаным түршігіп, періштем шошынды. Ж.Шәк.