Жүрегі сыздап, аза бойы қаза болды, бебеу қақты. ~ Мен ару келіншектің соңынан қызыға қарап көп тұрдым. Сосын дауыстап шақырдым, естімеді. Жаным шырқырап айғай салдым, Гүлзина онда да естір емес. Ә.Асқ. ~ Ең соңғы күш-қайратын жинап: «Құртқа, Қарлыға, бармысыңдар, бадалғырлар, бұл дүниеде, жоқпысыңдар?!» — деп, шыбын жаны шырқырап айқай салып еді, оянып кетті. Алагеуім екен. М.Қаб. ~ Сол-ақ екен, тәні екі айрылып, әне-міне жамбасы жарылып қақ бөлініп түсердей жаны шырқырап танау ұшына келді. С.Елу. ~ Әлгінде шалының алғашқы сөзінен кейін-ақ біраз тықсырып тастауға бар-ды, артынша айнып қалды. Себебі қарсы жақ үндемеген сайын шабуылшының жаны шырқырайтынын жақсы білетін. Ж.Нәж.
