Қорқып кетті, есінен айрыла жаздады. ~ Мұндай жерде, қара қазақтың алдында өзін ызбарлап ұстай білетін, жүрек шайлықтырудың әдісіне төселген үйіндісі үлкен кертағыл бұқадай сүзе қарайтын судияның көзіне көзi түскенде байдың жаны шығып кете жаздады. І.Жанс. ~ Елтайдың жаны шығып кете жаздады, маңдайынан қара тер шұбырды. М.Қаб. ~ Сервант ішіне сәндеп тізген қымбат аяқ-табақ, хрусталь рюмка, вазалардың әрқайсысына нерв талшықтарының бір ұшы жалғанып тұрғандай, біреу оларды қозғап, қолына ұстап аударып-төңкеріп қараса, жаны шығып кете жаздайтын. Т.Сәук.
