Үрейі ұшты, зәресі зәр түбіне кетті. ~ Екі көзі жайнаған пәлекет ырылдай тап бергенде Ақтөстің қорыққанынан жаны қасым болып, қарағайға өрмелей жөнелген. Содан кейін бір басып, екі қарайтын өте сақ тіршілікке көшіп еді. К.Сег. ~ Қос ішектен шыққан әр алуан үн, сезімнің сан түрлі қылдарын түртіп кетіп қозғағанда, жаның қасым болардай күй кешеді екенсің… С.Ғабб.
