Posted in

ЖАНЫ ҚЫСЫЛДЫ

Қиын жағдайға тап болды, не істерін білмей қиналды. ~ Әңгіме әлпеті өлер алдындағы қоштасып отырып айтқан немесе бір үлкен марқабат күткен кісісіне жаны қысылған уақыттағы үміт, тілек айтқан сөзге ұқсайды. М.Әу. ~ Бекет қысылса да қарсылық еткен жоқ. Жындысайдан жаны қысылып арсы – күрсі боп келгенде де Меруерттің езі шешіндіріп, иығын былаулап берген. Қ.Ысқ. ~ Қайын атасы шайқы-пәнилеу кісі еді, бір күні ұйқысырап жүріп, келінінің көрпесін ашыпты деген сөз бар. Сол есінде болсын» деп ескерткені бар-ды. Күдері амал жоқ, жаны қысылғанда, келіншектің сол осал жеріне жармасып еді. Қ.Жұм.