Жек көреді, суқаны сүймейді. ~ Оның мәнісі бар, шырағым! Олар күллі оқығандарға өш. Оқығандар оларға жауыздық істетпейді, ұстатып жапқызады. Оларға лай судан балық аулау керек. Жаңа мұғалімдерге жаны өш. Алаштың Әбдірахман деген имамы болатын. Ол жаңа оқуға қарсы. Жаңа оқу дәуірлесе, молдалар аяқситыны белгілі ғой. Ж.Айм. ~ Мүмкін, өр кеуде балаға жаны өш Шоқан, алғашқы осқырынған қалпымен кете барар ма еді, қайтер еді, егер жанасуды момын, жатық мінезді Григорийдің өзі бастамаса. С.Мұқ.
