Posted in

ЖАНҒА (ЖАНЫНА) БАТТЫ

Ауыр тиді, қинады. * Жеті түнде көлеңкеңді қайдан көрем, ақ қазым, Жалқы ұшқаның жанға батты, жабырқаулы тақ сазың. Д.Кәп. * Милициясын бір әкелді, тергеушісін сан әкелді, кран асып кететіндей ешқайда тапжылмайсың деп тұсау салып тағы кетті. Бәрінен де жанға батқаны осы. Қ.Ысқ.* Дүниеде өзгеден емес өзіңнен, қазағыңнан көрген қорлық жанға батады – ақ екен. С.См. * Өз жаны ауырмаған соң біреудің жанына батқан азапты не қылсын. Н.Сер.