Адамның көкейтесті зары, күйініші, жүрегін жарып шыққан наласы. ~ Алғашқы қос жұлдыз көк аспанда көз ашқанда күзгі далаға есіл, асыл Біржанның жан айғайы, жүрек зары – “Теміртасы” аңырайды. С.См. ~ Десе де, жазушының өзіндік тыныс танытқысы келген жан айғайы, ізденісі басым. Ж.Шәк. ~ Бұл қарттықтың уысына сыймай, жастықтың уыз шағын қимай, махаббат, қызық мол жылдарын жоқтап жатқан адамның жан айқайы сияқты. С.Ақт.
