Діни сенім бойынша адамның жанын алуға келетін періште. ~ Сұрғылт түсті пәкеттің сыртындағы иреңдеген жазуы Нұрлыбайға жан алғыш әзірейілден жаман көрінді, ол сұрланып, демін жиі алып, танауы қушия түсті. Б.Майл. ~ Жан алғыш әзірейілден қашып тығылғандай босағадағы бір кісілік төсектің үстінде енем жалғыз өзі бір уыс боп, бүрісіп, үнсіз отыр. Б.Соқп.
