а) Дем беру, тірілту. ~ Мүсін жасалып болғанша Саржан екі дүниенің ортасында жүреді, бұрынғы бабалардың әлеміне барып, саяхаттап келіп отырады. Межелі мерзімге жеткенде досын шақырып, мүсіндерге жан кіргізу рәсімін жасайды. Мынадай арбау сөз айтады: «Уа, тәңірім! Қуат бер, құтын қайтар, жан бер!» Т.Жұрт.
ә) Куәгер болып, айып тағылған жанды қорғап қалу.
~ Енді бөгелудің орны жоқ. Сол күні түске таман барлығы атқа қонып, ойға қарай бет алды. Өйткені «жан беру» рәсімі дін орталығы мешітте өтуге тиіс болатын. Қ.Жұм. ~ Бұл хабар сол күні- ақ жайлаудағы бүкіл елге тараған. Қара күмән, жан беру дегендері кімге де болса тосын, бұрын бұл өлкеде болмаған оқиға. Қ.Жұм. ~ Намазға кірісер алдында, Пахридден қасам ішіп, жан берудің мәнісін түсіндірді. Қ.Жұм.
