Posted in

ЖАН ДАУСЫ ШЫҚТЫ

Ышқына, бар даусымен айғай салды. * Жанды-жансыз барша дүниенің бар дерті, барша арман-мұраты осы сәтте «су» деген жалғыз есімге ұйлыға топырлап, жасағанға жалбарынып тілек еткен қорғансыздың, мүскін ғарыптың жан даусы болып күңіренді. Ғ.Біл. * Темір сап темір жүрек қолына қалай ілінгенін байқамады. Жан даусымен айқайлап, тапал қараға қайта ұмтылды. Ә.Тар. * “Ойбай, бұл жерге қайдағы ит келсін… мынау қасқыр емес пе?” Солай ойлауым мұң екен, жүрегім тас төбеме шықты… Қолымды ербеңдетіп айбат шегіп, жан даусым шыға айғай салдым. Ә.Асқ.