Posted in

ЖАН (ЖАНЫН) ЖАДЫРАТАР (ЖАДЫРАТАРЛЫҚ, ЖАДЫРАТҚАН)

Қуаныш сыйлап, көңіл марқайтар (жақсылық). ~ Алдындағы ағасы, қайталанбас ұстазы Сәкен Сейфуллиннен көрген осындай жан жадыратар жақсылығын Сәбит Мұқанұлы көзі жұмылғанша бар даусымен айтып, барынша махаббат сезімімен төгіле жазып өткені және белгілі. Қ.Ерг. ~ Бірауыз сөз! Жүректің арғы түкпіріндегі қыл пернені дір еткізетін жан жадыратарлық бірауыз сөздің көрдіңіз ғой, Жолдасбекті қандай күйге түсіргенін! Қ.Жиен. ~ Өз қолына табыс етерсіз, — деді де жан жадыратқан көктемнің күнінде бойды тоңазытқан кабинеттен тезірек шыққысы келді. Қ.Түм. ~ Сол кезде бізді қандай күш билеп, жүрегімізде қандай асыл сезімдер оянғанын айтып бере алмаймын – әсем бір сүйініш жан жадыратқан мейірім, қуанышты көз жасы бәрімізді қорғасындай балқытып, рақат дүниесіне алып ұшты. Ш.Айт. ~ Осынау Сауыр-Сайқанның жықпыл-жықпыл сай-саласы мен қолат-қойнауынан өріп жайылатын жұрт «Қарымбайдың малы» атап кеткен аң-құсы – арқар-бұғысы, елік-қарақұйрығы, кекілік-құры, ұлар-шілі – не керек, бәрі-бәрі де Әлібайдың түзге еркін жайылуға жіберген «малы» әрі жанын жадыратар ермегі болатын. К.Сег.