Ерекше сезімге бөледі; жүрегін қозғады, толғандырды. ~ Бірақ, қашан, қай жерден екенін, қанша ойлансам да есіме түсіре алмадым… бәлкім, соның алдында бір жан тебіренткендей жағымды түс көріп жаттым… сірә, соның әлі тарқамаған әсері, кешікпей мен сұмдық сағыныштан елжіреп, ери бастадым… еметайым езіліп, балқып бара жаттым… С.Нұғ. ~ Адам жанын осынша тебірентіп, дүниеден баз кешкендей қылған мынау өлеңнің не құпиясы барына түсінбей, Сейіттің жүзіне сиқыршыға қарағандай күдікпен сескене әрі қызыға қарады. Т.Әбд.~ Жантуардың көзі маңдайшадағы жарнамаға түсті: «Балалар үйі». Қанша ойланбадым десе де, осы бір екі сөз Жантуардың жан-жүйесін тебірентіп кетті. С.Шай.
