Жүрек азабы, дерт; ауыр қайғы; ішін удай күйдіретін мұң. ~ Жан жарасына уақыт емші. М.-М. ~ Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, әлде бір басқа сезім кернеді ме, кім білсін жирен сүйем деп тағы кезеніп, Ақбілек сырт беріп тыжырынып еді, ашуланған адамша анаған ажырая қарап, бірдеме деп шорт кесті. Ж.Айм. ~ Бітеу жатқан жан жарасын тілімен жалаған мұң самалы сағағынан үзілердей, қалтыраған құба жапырақтарға сыр шерткендей – шешен тілмен көсем сөйлеп, жорғақ басты. Ғ.Біл. ~ Тыңда, менде ойнайды күйі ненің? Іні қамы — ел қамы, болашағың, Жан жарасы, жазылмас күйік едің?! Болашағым деп едім, көкте күнім! С.Наз.
