Posted in

ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ

Жанға батып, жүрек сыздатар рухани дағдарыс, қайғы-шер, жан азабы. ~ Кейде әлдебіреудің ойынын елестетесіз, кейде жындының құр кейпін ғана жасайсыз. Маған жындының жай портреті керек емес, жаным ашитын жан күйзелісі керек, жанды образ керек. Н.Сер. ~ … мұның бәрі жалғыздықтан, жалғызсыраудан туған жан күйзелісі. Алла Тағала оның көз жасын көргендей жалғыздығына да жанашырлық етті. Ж.Шәк. ~ Ауыл адамдары талай күннен бергі боз інгеннің жан күйзелісін сезген де, көңіл бөлген де жоқ. Сәбиді ақ жауып арулап қойды. М.Сүн. ~ Ақиық ақынның дәптерін оқып отырмын. Адамдық сыры мен жан күйзелісін білген сайын оның жанын ұғьнғандай боласың… Ә.Ысқ. ~ Жарболдың жылағысы келді. Бір жағы Төражанның тағдырына қабырғасы қайысса, бір жағы тағы да жалғыздық тартатын бұлдыр болашағына деген жан күйзелісі өзегіне от түсірді. Ж.Шәк.