Posted in

ЖАН ТЕБІРЕНІСІ

Адамның толғанысы, сезім толқуы. ~ Атасының үлкен жүрегінің соғысын, жан тебіренісін, мейірімін, адал көңілін, тірідей көре алмадым- ау деп өкініп, сағынышын, мақтанышын қағазға түсіріп, елдің жүрегіне жылы күйінде талша егіп, кейінгі ұрпаққа мәңгілік белгі болсын деп, Мәлік осы кітапты жазуға кірісті. К.Өтж. ~ Қазақ жазушыларының тарихи романдарға кірісердегі жан тебіренісі мен тақырып таңдаудағы толғанысын сыншы-ғалым Зейнолла Серікқалиұлы дөп басып… Ж.Шәк. ~ Сонымен бірге бұл менің саған айтып отырған сырым да. Сен жазушысың, мен объектімін. Ал сен шын жазушы болсаң онда менің жан тебіреністерімді де білуің керек. Ә.Нұрш.