Қатты састы; титықты, қиналды, қара тер болды. ~ Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті. Ж.Айм. ~ Молда ол жазудан бас ала алмайды. Жан терге түсіп отыр екен. Бұл жан терге түспегенде қайтсін, қолындағы қара шолақ қалам түрткен сайын теңге туады. І.Жанс. ~ Етегін түріп алып, әрлі-берлі жүгіріп, қапелімде ғайып болып кеткен “мырзаны” іздеп жан терге түсті. О.Сәрс. ~ Сол шанадағы «қоңқайлар» қарқ- қарқ күліп біздерді қамшының астына алады… Сүйрей алмай жан теріміз шығады… О.Бөк. ~ Алтын шегені мықтап қағып, аяғын тіреп, серіппеге айналып ілгерілей ұмтылады. Ұмтылып сүрініп, сүрініп ұмтылып жан терге түседі. Д.Дос.
