Жанталасқан, аласұрған жағдай, күй туралы. ~ Манағы құлақ жарар ащы айғайлар тыйылған. Ордың іші түгел қорқырап жатыр. Осынау жантәсілім дауыстар ор жиегінде үзеңгілерін тебініп шіреніп тұрғандарға маса шаққан құрлы көрінсе, не дейсің? Ә.Кек. ~ … ағыс екпінімен әрекетсіз шым бата берген ол әлден соң демі азайып булығып (әлгінде ғана санасында ап-айқын елес берген ой-сезімдер ғайып болып), ессіз жантәсілім күйде су бетіне шығуға, ауа жұтуға аласұрды. Т.Әбд. ~ Әлгі халық айтатын жантәсілім кезде адам кеудесінен құс боп ұшатын шыбын жанның осындай болатыны-ау?! Ә.Нұрп.
