Posted in

ЖАН ШОШЫРЛЫҚ

Адамның зәресін ұшырарлық. ~ Зәресі ұша үрейленді; әлденеден қатты түңілді. ~ Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді күңірентіп, қатындардың дауысы баж ете түсті. Жан шошырлық бажылға дір етпеген жүрек қалмады. Ж.Айм. ~ Бірі кісі өлтірген, енді бірі тонаумен айналысқан. Араларында құлдыққа адам сатып, бала ұрлағандар да бар. Айта берсең, әрқайсысының тірлігі жан шошырлық. З.Қаб. ~ Сірә, қаны жуылмаған бетім жан шошырлық болу керек, бала мені көрісімен жерде жатқан балтаны ала сала атып түрегелді. Ә.Әб. ~ Бірі кісі өлтірген, енді бірі тонаумен айналысқан. Араларында құлдыққа адам сатып, бала ұрлағандар да бар. Айта берсең, әрқайсысының тірлігі жан шошырлық. Ж.Сол.