Posted in

ЖАН ҚАЙҒЫ (ҚАЙҒЫСЫ)

Қара басының амандығын күйттеу туралы. ~ Біздіке жан қайғы ғой, қарындасым. «Аллаһ» деген бізді кім дұрыс түсіне алады, рухани дүниемізге терең мән беріп, сыр ұғатын кім бар! АҚ. “Дара сезім.” ~ Қара есекке – жан қайғы, Қасапшыға – май қайғы. (Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы). М.-М.

Жүрекке түскен ауыртпалық, қайғы-шер. ~ Заманы да өтер, Кириловтың жан қайғысы да ұмытылар, әйтсе де адам шошырлық әлгі пиғыл ой дәрігердің басы қашан көрге кіргенше санасына сіңіп қалып қояды. А.Чех. ~ Сен маған ұнайсың, Джиния. Сосын бар ғой, сенің темекі тартпайтының ұнайды маған. Шылым шегетін қыздардың қашан да әлденендей бір жан қайғысы болады, — деді. Ч.Пав.