Posted in

ЖАПА-ТАРМАҒАЙ ЖҮГІРДІ

Бәрі бірден, жан-жақтан, үймелей лап қойды. ~ Жаңа қар жауған мезгіл болатын. Бір күні ауыл адамдары жапа-тармағай жүгіріп, Жаңыл дейтін жесір әйелдің үйіне жиналды. С.Жүн. ~ Сары шатыр.дың алдындағы дөңгелек сахнаның үстінде асыр сап жүрген бишілер билерін тоқтата қойып, гүрсіл шыққан жаққа қарай жапа-тармағай жүгіре жөнелісті. Ә.Кек. ~ Ендігі сәтте жиналысқа келгендер әлдеқайда жапа-тармағай жүгіріп бара жатты. Көппен бірге Жағыпар да кеткен… Г.Сейт. ~ Мылтық және атылды. Бұл жолы мылтық даусы жіңішкелеу естілді. Есік алдында аңырып тұрған жұрт дөңге қарай жапа-тармағай тұра жүгірген. Ә.Тар.