Уақыттан, қайғы-мұңнан өңі кетіп, тозды. ~ Көп ұзамай көктемім күзге айналар, Көзді арбаған көк көлім мұзға айналар. Жапырақтай сарғайған шақта мынау Жан бар ма екен жалғанда бізді ойланар?.. И.Сап. ~ Сізге жаным ашиды, апа! Әйтпесе Күнбала екеуміз күні бүгін қол ұстасып кете берер едік. — Жұмабикенің күзгі жапырақтай сарғайған сұрқай жүзіне аянышпен қарай берді. С.Ом. ~ Көзден бұлбұл ұшып кеткен күміс бақ, Ай сәулесін жүруші еді уыстап. Ақын жары жапырақтай сарғайған Газеттің жыр қиындысын жүр ұстап… Қ.Бұғ. ~ Осы күні Күлжекейде де тыныштық жоқ. Жүзі күзгі жапырақтай сарғайып, көзінің төңірегіндегі әжімі көбейіп, ойсырап жүдеп кеткен. С.Ом.
