А) Ойсырата жеңді, қырып салды. ~ Қай тұста ел қолы әлсіреп бара жатқанын бақылай жүріп, анда-санда сол топқа барып араласады. Қасында төрт-бес батыры бар Есеней араласқан топтар жауын оңай жапырып тастап жүр. Ғ.Мүс. ~ Ақ тер, көк терге малшынбай, аңқаң кепкендей алқынбай, күлкіңді күрсінісің көміп кетіп, күңіренген жүрегіңнің жаңғырығы Жалған дүниені жапырып тастардай болмаса, шынайы шығармаңды тірілтіп туғыза алмайсың. C.См.
Ә) Таптап басып тастады. ~ Әлі есімде. Біздің үйдің сыртында бір кішкене көгал бар-ды. Ауылға келген қонақтың бәрі ат арқандап шалғынын жапырып тастаған. Көгалдың түстік жағында ыстықтан шыбындап жатқан қойлар. Б.Май.
