Көркін аша түсті. ~ Байзақ бес уақыт намазын оқып, дастарқан басында қол жайып, бата жасаған сайын, құдайға құлшылық етіп, «тәубе, тәубе» деп бетін сипайды. Бұл үйдің тірлігіне жас келін жарастық беріп, құлпыртып жіберді. А.Жақ. ~ Шолақ мұрнының ұшы үшкілденіп, қырлана түсіпті. Жаңадан тіккізген қызыл драп пальтосы да өңіне жарастық беріп тұр. С.Мұр. ~ Жүзі жұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, қара торы келіншек аса бір таза, шапшаң көрінді. Бар қозғалысында әдемі сыпайылықпен қатар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық бергендей келісті әйел. М.Әу. ~ Жазғы жеңіл киім бұл күнде толған денесін аса айқын көрсетіп тұр. Күрең барқыт желетке мен ақ көйлек, кең бешпет өзінше бір келісті көрнек, жарастық бергендей. М.Әу.
