Басқаға ұқсамайтын, ерекше жаралған. ~ «Жібекті түте алмаған жүн қылады» деп кейбір еркектер алтын асықтай әйелдерін алмай жатып жүн қылып жібермей ме. Сері ағам бөлек жаратылған жан ғой. С.Жүн. ~ Солардың ішінде алабөтен көзі қырағы, бір көрген белгіні ғұмыры ұмытпай тап басатын жаратылысы бөлек ерекше жандар болады. С.Жүн. ~ Ақселеуден де қазақ сорлы өте ерте айырылып қалды ғой. Ол бір жаратылысы бөлек азамат еді. Ж.Баб.
