Posted in

ЖАРАТҚАН (ЖАРАТЫЛҒАН) БЕДЕУДЕЙ

Бабына келген. ~ Ақбаян десе Ақбаян екен! Құмырсқа мықынды, бура сан, денесі қырық екіге шықса да, жаратқан бедеудей сұп-сұлу. І.Ес. ~ Жұмыр санды, толық кеуделі, дене бітісі жаратылған бедеудей, бетінен қаны тамған Глаша сол «әр мезеттің қызығының» бірі емес пе? Бұдан артық дүниенің, сол бір көзіңді ашып-жұмғаныңша өтіп кетер дүниенің, қуанышы болар ма? І.Ес.