Ебедейсіз қимылмен жалп ете қалды. ~ Жiгiт боп қалған түнекүнгi баласы келе жатыр екен. Қуаныштан кеудесi күмбiрледi. Ол қақпа есiгiн жартылай ашқанында-ақ: – Қал қалай? – деп, бұл желдiң өтiне жайылған кiрдей жарбаң еттi. Ә.Ыб. ~ Кенет астымдағы Ақбоз ат аяқ астынан жарбаң еткен жапалақтан үркіп аспанға шапшыды. С.Дос. ~ Мына күшік маған ақыл үйретіп тұр ма, апасы? Қане, қою шайыңнан құйшы! — Шорман әйелінің жанына келіп, орындыққа жарбаң етіп отыра кетті. А.Рақ.
