Posted in

ЖАРДАЙ СЕМІЗ

Май басқан, тым жуан. ~ Ірі біткен ақ сары жүзі келбетті, тарғылданған зор дауысты, нар тұлғалы, жардай семіз Абдолла:
— Уа, Мамозы ағайын, сөзді қой да, босат бұл адамды! Ұрың табылады, шеш, босат,— деп еді. Ж.Ахм. ~ Ли-шансың ұмтылып жеткенше, қасынан өткен біреулер қолтығынан демеп тұрғызып жіберді. Өзі егде тартқан, жардай семіз әйел екен. Анадай денені анадай аяқтың қалай көтеріп жүргені белгісіз. Қ.Жұм.