Posted in

ЖАРТЫ АУЫЗ СӨЗ

Қысқа тұжырым, шағын лепес. ~ Болыс. Ей, ағайын! Жарты ауыз сөзге құлақ сал. Істемегеніңді содан кейін істерсің (тоқтап.) Жә, сөз қылғандығың список екен ғой. Мына Жүністің айтқаны рас. Бірақ ол бітпеген, толмаған шала список. М.Әу. ~ Сүмелек делқұлы, сен кімсің-ей? Ойыңнан құрап жарты ауыз сөз жазып көрмеген сорлы, мына роман менікі деп қай бетіңмен айтып тұрсың? Т.Сәу. ~ Шөкелеп түсіп, шапқалы жатқан арлан тағыдай бұның жарты ауыз сөзін ғана аңди, қанын ішіне тарта қадалған сұрақшыға қалайда бір жауап айтуы керек еді. Ж.Ахм. ~ Полиция, соттың аты аталса, жарты ауыз сөзден жаза басып, мүлт кеткен пендені тарпа бассалып қамап тастаймын десе оған құдірет – еркі жететін … Ж.Ахм.