Жаманның жаман қасиеттерін бойына сіңірген д.м. ~ — «Е- е, бұл дүние жоғарғы жақта, хан сарайының өзінде былығып жатыр екен той, – деп ойлады Демежан. – Өзі жарымағанның сарқытын ішкендей, мұндай елге бодан болған қазақтың шекесіне қайбір шор- шор алтын бітер дейсің. Ит- қорлықпен өтетін өмір болды ғой мұның өзі…» Қ.Жұм. ~ – Неменеге тесірейе қалдыңдар? Сүйектеріне басқан қорлық, құлдық таңбасын тамашалап тұрсыңдар ма? «Өзі жарымағанның сарқытын ішпе» деп, сол халдайлармен табақтас болмай- ақ қойдым. Жан алғыш әзірейілім сол болса, Матеннен келген керді көріп- ақ алдым. Тартыңдар аттың басын! – деді ол шабармандарына Қ.Жұм.
