Posted in

ЖАРЫМ (ЖАРЫМЖАН) КӨҢІЛ

Ішінде әлдебір жанын жеген қайғысы, өзек өртеген мұңы бар жан. ~ Қайтсін, жарықтық, қуанғаны ғой, – деді әйелдер. – Жалған- ау, жарым көңіл ғой, жалғыз емес пе, – деді әйелдер. Ш.Мұрт. ~ Жартыкеш өмір, жарым көңіл жұпыны үйдің қоңырқай тірлігін одан сайын жабырқатып жіберетін. Ү.Жәл. ~ Есіне қайтыс болған белгісіз немересі мен сол немересінің анасы жарым көңіл Сәуле түскенде ащы уайым өзегін өртеді. Т.Әбд. ~ Тағы жылады Нұрбике. Бәйбішенің жылы сөзін жарым көңіліне сеп көрді. Б.Майл. ~ Соған қарамастан арғы жағында аппақ сұлу жүзін жадыратпай үнемі ішінен шерлеп жүдеп жүрген жарымжан кеңілін сезіп еді–ау. Ә.Нұрп.