Posted in

ЖАРЫП ШЫҚҚАН

Елден ерек; маңдай алды, топ жарған. ~ Қалың қоңыраттан жарып шыққан сұмдық сыншы бар еді. Айтушылар алты қырқаның астындағы текті жылқыны даусынан таниды деуші еді. Т.Әл. ~ Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. «Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант деген түбінде жарып шықпай қоймайды», – дер еді. Б.Соқ.