Кемістік жоқ, мүлтіксіз. ~ Уай, шіркін, Жұмабек не деген əнші! Дауысы бір қарлықпайды, бір жарықшақ жоқ, əні таң атқанша таусылмайды. Өзі де көңіл ашар, ойыншы жігіт екен! – деді. Ж.Айм.~ Барлық суық жау Алматы қаласынан мынау елге жылы да, жақын да көрінген жалғыз орын осы тәрізді. Бұған деген көңіл де қалыпта, жарықшақ та жоқ секілді. Ажарсыз сұп-сұр молалармен қатарласа бере Балташ та бетін сипады. М.Әу.
