Posted in

ЖАРЫҚ ДҮНИЕМЕН ҚОШТАСТЫ (ҚОШ АЙТЫСТЫ)

Өмірден өтті, қайтыс болды, көз жұмды. ~ Тек ат тұяғының тысыры ғана жүрек лүпілін жиілетіп бір түрлі қобалжып келеміз. Сол түні Аққұл өз шаңырағына түнеп шықты да, таңға жуық жарық дүниемен қоштасып еді. Б.Мом. ~ Қызық, тіпті қара тырнағына дейін жіпсігені несі? мүмкін, кісі жарық дүниемен қоштасарда осындай бұлаулы халдің қойнына жатар ма? О.Бөк. ~ Бірақ Алпамыс оған мұршасын келтірмеді. Қорлығы өткен мыстанға жарық дүниемен қош айтқызып, өшін алды. А.Сей.