а) Бүкіл әлем; тіршілік атаулы. ~ Екі жылдан сегіз жылға дейін! Ең азы екі жыл. Маған осының өзі-ақ жарық дүниенің бетіне енді кайтып шықпайтын тұңғиық болып көрінеді. Б.Соқп. ~ Қылмыскер адамға, атып келе жатқан арайлы таң қандай қорқынышты десеңізші! Бүкіл жарық дүние маған лағнат айтып тұрғандай. Т.Берд.
ә) Адамның ғұмыры. ~ Аз күн жарық дүниеде атақ үшін, билік үшін алысып, жұлысып ғұмырын өткізген қу заман екі жақты итжығыспен, алма–кезек арандатып қойған. Б.Мом.
