Басылып шықты. ~ Темекі күлін қақты, папкі үстіне алақанын жазып салды. — Алғашқы жинақ? — Жоқ, екінші. Алғашқысы былтыр жарық көрген… Ол папкіні ашты. М.Қаб. ~ Арыс азаматты тойымсыз қара жердiң қойнына берген уақыттан берi де марқұмның осыған дейiн редакциялардың қоржынында қозғаусыз жатқан бiрталай әңгiмелерi, новелла, эсселерi әр жерде жарық көрдi. Ж.Шағ. ~ Бальзак әлемінің биігі – «Шегірен былғары» жарық көргенде жанында жүрген кешегі дос- жарандары қызғаныштан жарылып кете жаздап, түгелдей жамандап шыға келіпті. Қ.Ысқ.
