Posted in

ЖАРЫҚ СӘУЛЕ КӨРМЕДІ

Еш жақсылық көрмеді; ғұмыры қапаста, қорлықта өтті.~ Сұлтанымның жоғында Сен болды менің ергенім. Әкелдің де қамадың, Жарық сәуле көрмедім. А.Байт. (“ҚҚҚ”) ~ Өмірдің арты қараңғы. Бір жарық сәуле көрген күні жоқ. Кемелбайға, Кемелбай секілділерге қаншама еңбегін сіңірсе де соның барабарына алған еш нәрсесі жоқ, өткен өмірінен ділгерліктен құтылған да емес. Б.Майл. ~ Әй, қу тіршілік-ай десеңші! Дүниеге келмесең – жарық сәуле көрмейсің, келсең – қорлықтан, азаптан арылмайсың. Өмір деген сол ғой. Ш.Айт. ~ Қанағат ету керек. Бұл тіршілікті көрген де бар, көрмеген де бар, кезегін күтіп сарылып жатқандар да бар, кезегі келгенмен жарық сәуле көрмей зу етіп өтіп кеткендер де бар. Д.Ис.