Posted in

ЖАРҒА СОҚТЫ

Әлдебір сәтсіздікке, ыңғайсыз жағдайға, опатқа әкеп тіреді. ~ Қапамен тұншығып, жарылып кете алмай әрең отырған ханның халі үрей үстегендей бойыма ызғар енгізді. Бақастық балалап, күншілдік күшіктеп жатыр ғой. Әй, бір жарға соғар – ау. Қауіпім сол! Жауабым да осы! – деп қатты үһілеп қалып сөзін бітірді. С.См. ~ Жалпы объективтік себептен басқа, жалқы субъективтік себеп дейтін бар емес пе? Жеке басқа ол да жеңіл жүк емес. Одан түскен жара асқына келе қай жарға соқтырарын кім білсін. Қ.Мұх. ~ Жігіттің тұрмайды елде жең саяғы, Бір жарға соқпақшы ғой сөз аяғы. Айырылып Жүсібінен, көзі ағарған, Емес пе кәрі Жақып мен баяғы?! М.Ж.Көп.