Posted in

ЖАРҚЫН ДАУЫС

Жайдары, ашық үн құлаққа жетті. ~ Есік қоңырауы сыңғыр етіп еді, «Ашық! » деген әдеттегідей апасының жарқын даусы естілді. Қ.Түм. ~ Әр үйден әсем күлкі, жарқын дауыстар естіліп, жадырасып жатыр. Б.Мом. ~ Тыстан әредік жайдарман топырлап өтіп бара жатқан топ-топ балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған майда, жарқын дауыстары естіледі. Д.Аман. ~ Қызу қарқын, көңіл шат, Шығады жарқын дауыстар. Ұштасқан қимыл қат-қабат, Еселенген екпін бар. М.Мақ.