Posted in

ЖАРҚЫН ЖҮЗ

Жайдары, ашық, мейірлі әлпет. ~ Әзімді баласына балағандай, Жайнаңдап жарқын жүзбен үйге кірді. Абай. ~ Көке, ассалаумағалейкум! — деп Жапалдың Парижде тұрып жарқын жүзбен айтқан даусы сондай жайдары естілді. Қ.Түм. ~ Сендердің жарқын жүздеріңе көз тойдырар емеспін. Жақсы сөз жарым ырыс дегендей, айтқандарың келсін. Өмір бойы ұмытпаспын сендерді». Б.Мом. ~ … күн қонақтауға бет алған. Жарқын жүз, жайдары отырыстан ба, біраздан бері бітеліп қалған ағамыздың көмейі де ептеп ашылайын деген. Қ.Ысқ.