Posted in

ЖАРҚЫН КҮЛКІ

Риясыз жайдары, ашық, мейірлі, шат күлкі. ~ Қылаусыз ашық аспан… Жарқын күлкісі жүзін жайнатып жібергендей биікте ай баяу жылжиды. Б.Мом. ~ Манағы жарқын күлкі, әзіл жоқ. Екеуі де үнсіз келе жатыр. Айнаш ыссылағансын, күртесін шешіп алған, «тер қатады» — деп болмай желең жамылтты. М.Сүн. ~ Мен сені тұншықтырып өлтіремін, — депті Су. Ал Ай өзінің жарқын күлкісін төккен күйі үнсіз қалған екен. Б.Мом. ~ Есегінің қамытын жөндеп отырған Майлыбай қарт бұны жарқын күлкісімен қарсы алған. С.Әбік.