Posted in

ЖАР ДЕГЕНДЕ ЖАЛҒЫЗЫ

Бір ғана сүйеніші; қуанышы; демеуі д.м. ~ Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты.
«Жар дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді мен кімге сыямын?» деп қайғырды. Ж.Айм. ~ Үнемі үнсіз күйде бас жағында отырып жас төккен кәрі шешесіне ғана, жар дегенде жалғыз жақыны, жесір анасы Тұлымдыға ғана сырын айтады. М.Әу. ~ – Абыстай- ай, жіберші, жар дегендегі жалғыз құлыным- ғой, ағекем- ау, бір көмегіңізді беріңізші. Адамдар- ау, неге тұрсыңдар, менің құлынымды тауып берсеңдерші. Қ.Мүб.