Posted in

ЖАР СҮЙДІ

Ерлї-зайыпты болды, неке қиды, сүйгеніне қосылды. ~ Тас өткел, тар босаға бөгеттемей, Жар сүйсе сендей сүйсін бағыланын. М.Әу. ~ Бала сүйдім, жар сүйдім, Шибұт, сенен, Жырыммен ел-жұртыңа сыйлық берем. Қырқаңнан қызыл түлкі қылаң етсе, Қияңнан қосылушы ем жүйрікпенен. М.Мақ. ~ Білетінім – жанымды өртеп, қапияда жалт еттің. Сенен басқа жар сүймеске алла атымен ант еттім. Т.Әбд. ~ Аймауыттай ат мінсең, жақын болар алысың. Адалынан жар сүйсең, оңғарылар бар ісің. М-М. ~ Сен ерге тиген, жар сүйген болсаң, содан қысылып, ұялып келе жатсаң, ондай күнәдан мен де құлантаза жүрген кісі емеспін. Ғ.Біл.