Сүйгеніне қосылып, махаббат қызығына бөленді. ~ Бір кездері сен де жәудір қара көзді жас болғансың, жалын атып жар құшқансың, бала сүйіп баулығансың, жортуыл аттың жалында, алмас қылыш жүзінде ойнағансың, келелі істерді шешкен кеңестердің шетінде отырғансың. Ғ.Біл. ~ Маужырап дел-сал жас келіншектей жар құшқан, қымсынып жатыр, тұншығып жатыр рахат пенен алғыстан… Тәкаббар, тентек теңізге мынау таңданып кетіп барады ақ шағалалар таңда ұшқан. Ф.Оңғ. ~ Жетпiсiнде жар құшып бел шайқаған, Шал қуатын несебiнен байқаған, Қатын болған, Ал сен оның қасында Ақынсың деп бiрақ кесiп айта алам. Ә.Бал.
