Оңалды; өңі кірді, жасарды. ~ Тамылжып әнші құстар таңсәріден, Қауышып аяулы бір аңсарымен. Бұл ғалам жасаң тартып бара жатыр Құлпырып көз алдымда барша кілем. Ш.Жұб. ~ Сорабы көмескіленген көлбеу соқпақпен қиялай өрлеп, теріскейге қарай ойысқан сайын жер реңі жасаң тартып, қарсыдан сыздықтап салқын есті. Т.Сәук. ~ Мысқал атып тұрды. Жаңағы жасаң тартып жалынудан түк те қалған жоқ, жаралы аңдай тез ширығып алды. Ә.Әб. ~ Құраған жапырағым мен бір терек, Томар боп сүйектерім қалса керек: Жазда да жасаң тартпай отырғаным, Тұр екен қай жерімде шіркін жүрек?! Ж.Жаб.
