Болбыр тартты. ~ Фәни дүниенің алтын тағында отырған шақтарында ызғары бет қаратпайтын арыстан айбары сынып, түлкі мұрттанып алған, көзденде жалақтайтын «қыл қимас» алмас қылыштардың суы қайтқан, әлемді алақанында ойнатып, адамдарды асықша ататын салауаттарының сағы сынып, жасығы жібіп, мүсәпір мүскіндерге айналған олар құйбатпақтың үстімен айдалып келе жатқанын Боранқұл кейінірек байқап, үнсіз жымиды. Ғ.Біл. ~ Разия да солардың қатарында қарулы жігіттер, қыз-келіншектермен бірге арық аршып, топырақ күрейді. Әбден болдырып, шаршап қайтады. Бес-он минут дем алып отыра қалса, күн шуаққа жасығы жібіп, қалғып кетеді. Ж.Сәм.
